Учебная программа по для учащихся с задержкой психического развития (1-9 классы с русским языком обучения) Бағдарлама



жүктеу 0.84 Mb.
бет5/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5

Оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар (8 сынып)
Міндетті деңгей
Сөйлеу әрекеті. Қазақстан халқы, тілі, тарихы, экономикасы туралы айта білу.

Оқылым. Мәтінді оқу, негізгі ойларын анықтау.

Сөйлесім. Өз халқының дәстүрі, әдет-ғұрпы, тағамы, ұлттық ойын туралы айта білу, сұраққа жауап бере білу.

Жазылым. Мәтін мазмұны бойынша қарапайым жоспар жаза білу.

Реферат жаза білу.


Тілдік білім
Жай сөйлем құрастыра білу.

Жай сөйлем түрлерін ажырата білу.

Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін игеру.

Оқшау сөздер, төл сөз, диалог меңгеру.


Мүмкіндік деңгей
Сөйлеу әрекеті. «Қазақстан-2030» тақырыбын әңгімелей білу.

Таңдалым. Хабарламаны түсініп, тыңдай білу.

Сөйлесім. өтілген тақырыптар бойынша талдау жасай білу.

Оқыған мақала, кітап, т.б. жайында өз пікірін білдіре алу.



Жазылым. Мәтін бойынша жоспар жаза білу.
Тілдік білім
Лексикадан, фонетикадан, морфологиядан алған ұғым.

Мағлұматтарға сүйене отырып, синтаксистік танымды игеру.

Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін таба білу.
9 сынып

(Аптасына 3 сағат. Барлығы 102 сағ. )

I. Білім. (11)

1 қыркүйек – Білім күні. Алтын күз. Екінші ұстаз. Мақал – мәтелдер. Мектепте.

Күш – білімде, білім кітапта. Фонетика. Құрмалас сөйлем. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Білім алу, ғалым, ғұлама, ұстаз, ғылым, тұңғыш, шығыс, Әл – Фараби, Отырар, философ, қолжазба, болашақ, дарынды, сапар, үміткер, сынақ, мамандық.

Сөйлеу үлгілері:


  • 1 қыркүйек қандай күн?

  • 1 қыркүйек Білім күні.

  • Әл Фараби қай жерде дүниеге келді?

  • Әл – Фараби кім?

  • Әл – Фарабиді қалай атаған?

  • Сен қандай мектепте оқисың?

  • Келешектің мектебі сенің ойыңша қандай болу керек?

  • Білмнің атасы не?

  • Кітап қандай дос?

II. Қазақ тілі туралы. (12)

Тілге құрмет елге құрмет.Өз тіліңді құрметте. 22 қыркүйек тілдер мерекесі.

Қазақ тілін зерттеген ғалымдар. Шешендік өнер. Мақал - әтелдер. Ыңғайлас.

Салалас. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: заң, қатынас, парыз. Тіл, Отан, ұлт өкілдері, ана тілі, өмір, болашақ, көркем тіл, шеберлік, дамыған атақты, зерттеуші, шығыстану, көрнекті өкілі, негізін салушы, мұра, жетекшілік етті, көрнекті ғалым.

Сөйлеу үлгілері:


  • Тіл туралы заң қашан қабылданды?

  • Қазақстанда тұратын әр азаматтың парыз не?

  • Елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Әлемдік деңгейде қанша тіл қолданылады?

  • Қазақ тілін зерттеген ғалымдар кімдер?

  • Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

  • Бүгінгі жағдайда көп тіл білу қажет пе?

  • 22 қыркүйек қандай күн?

  • Шешендік өнер дегеніміз не?

  • Қазақ халқының қандай шешедерін біліесіңдер?

III. Отбасы. (10)

Қара шаңырақ. Тәрбие отбасынан басталады. Жеті қазына мен жеті ырыс.Жеті

ата. Достық. Мақал –мәтедер. Тәуелдік жалғау. Кезектес салалас сөйлем.

Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: шаңырақ иесі, кенже ұл, ауыз бірлік, үлкен адам, отбасы, қазына, қыран, құмай тазы, берен, ырыс, ақ жаулық, дос болу, шыншыл, досым, азамат, тәрбие, салт – дәстүр, ата, нағашы, жиен, шөбере, жеті ата.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақ отбасының өзіне тән ерекшеліктері қандай?

  • Сенің отбасың қайда тұрады?

  • Әке – шешең қайда жұмыс істейді?

  • Үлкен ағаң кім? Әпкең кім? Қарындасың (сіңлің) бар ма?

  • Ата, әже деген кімдер?

  • Жеңге деген кім?

  • «Жеті қазына» дегеніміз не?

  • Жеті қазына ұғымына нелер жатады?

  • Сен жеті атаңды білесің бе?

  • Әкеңнің әкесі саған кім болады?

  • Анаңның туыстары саған кім?

  • Сенің досың бар ма?

IV. Бос уақыт. (8)

Менің бос уақытым. Спорт. Қазақстанда қысқы Азиада олимпиадасы қашан

өтеді? Қазақстанның спорт саңлақтары. Балуан. Жай сөйлемдер.Синоним.

Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: серуен, бейнетаспа, саяжай, дем алу, ерекше, дайындық, атақты, жалғасу, жүлделі орын, жанкүйер, дода, үстіміздегі жыл, жаттықтырушы, БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдары), бапкер, марапаттау, балуан, шешуші, жекпе – жек, қола, алтын, күміс.

Сөйлеу үлгілері:


  • Сенің бос уақытың көп пе?

  • Мектептен тыс уақытта немен айналысасың?

  • Сен музыка тыңдағанды ұнатасың ба?

  • Сен спортқа қызығасың ба?

  • Саған спорттың қай түрі ұнайды?

  • Адамдар спортпен не үшін шұғылданады?

  • 2011 жылы қысқы Азия ойындары қайда өтеді?

  • Дәулет Тұрлыханов кім?

  • О. Шишигина әлем чемпионы болған спорт түрі қандай?

  • Балуан не істейді?

V. Отан. (10)

Қазақстан - ортақ үйіміз. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының рәміздері. Халықтану. «Қазақстан жалауы». Мақал – мәтелдер. Зат есімнің септелуі. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Атамекен, ұлт өкілдері, кең – байтақ, шектеседі, әлем, тәуелсіз, егеменді, заң, жаңалық, рәміз, қастерлеу, ту, бейбітшілік, аясында, төменгі жағында, бейнеленген, болашақ, дәстүрлі, таңба, халық, күн сәулесі, киелі, шаншылған, ынтымақты, қоныс аударған.

Сөйлеу үлгілері:


  • Отан дегеніміз не?

  • Сендер қай елде тұрасыңдар?

  • Қай елдермен шектеседі?

  • Атамекенің туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

  • Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

  • Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі не?

  • Елтаңбаның авторы кімдер?

  • Жаңа мемлекеттік әнұран қашан қабылданды?

  • Қай әннің негізінде жазылды?

  • Оның әнін кім жазды?

VI. Денсаулық. (8)

Дені саудың жаны сау. Темекі денсаулыққа зиян. Нашақорлық – XXI ғасыр індеті. Фразеология.Етістіктің шақтары. Қайталау. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Сый, сақтау, темекі, шегу, зиян, қатерлі, шылым, ажал, зардап, кесел, шылым шегу, наша, нашақор, шын, қабылдау.

Сөйлеу үлгілері:


  • Денсаулық зор байлық деген не?

  • Өзіңді қалай күтесің?

  • Шылым түтінің зияны бар ма?

  • «Темекі шекпейтін күн» қай елде аталып өтіледі?

  • Темекінің құрамындағы никотин қандай зат?

  • Есірткі қабылдаған адам неге тәуелді?

  • Қазақстанда темекі шегуге қарсы күрес жүре ме?

VII. Қоршаған орта. (8)

Қазақстан табиғаты. Қандай көркем туған өлкем. «Бурабай». Невада – Семей. Арал теңізі. Мақал – мәтелдер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: мекені, табиғат, мәңгі, орман, мың алуан, көркем, өлке, жанға жайлы, шипажай, емдік, демалу, жарылыс, кемтар, қозғалыс, зардабы, полигон, сынақтан өтті, жағалау, тіршілік, теңіз түбі.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қазақстанның табиғаты қандай?

  • Атақты Бурабай көлі қайда орналасқан?

  • «Қазақстан Швейцариясы» деп қай жерді атайды?



  • Өсімдіктің қанша түрі өседі?

  • «Невада - Семей» қозғалысын кім басқарды?

  • Бұл жерге адамдар қандай мақсатпен келеді?

  • «Невада - Семей» қозғалысын кім басқарды?

  • Арал теңізіне құятын қандай өзендерді білесің?

  • «Барсакелмес» қорығы қайда орналасқан?

  • Олжас Сүлейменов кім?

  • Республикада неше қорық бар?

VIII. Саяхат. (7)

Жетісуға саяхат. Астанаға сапар. «Елорда» жаттау. «Атамекенге» саяхат. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: тамаша, ту, жаннат, өңір, ертеден, көркем, қиял, шаһар, ақиқат, жағалау, сәулетші, мейман, кешен, тұсауы кесілген, Шарын шатқалы.

Сөйлеу үлгілері:


  • Қай жерлерді «Жетісу» деп атайды?

  • Жетісудың табиғаты қандай?

  • Шарын шатқалы қай жерде?

  • Астана қандай қала?

  • Астананы сол жағалау мен оң жағалауды не бөліп тұр?

  • Сен Астана қаласында болдың ба?

IX. Белгілі адамдар (11)

Абай Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба. Ы.Алтынсарин. Кел, балалар,

оқылық! Абылайхан. Абылай. Шоқан Уәлиханов. Қаныш Сәтбаев. Ғалым болу

арманым. Мақал –мәтелдер. Қаратпа, қыстырма сөздер. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: данышпан, сауатын ашу, ел билеу, ұлы ақыны, ағартушы, негізін салушы, тілмаш, Балғожа тәрбиеледі, қолбасшы, дипломат, хан көтеру, батыр, даңқты, азат ету, ғалым, қазба байлық, геология, атақты, ғалым, әдеби, мұра, саяхатшы.

Сөйлеу үлгілері:


  • Абай кім?

  • Ақынның шын аты кім?

  • Оның анасы қандай адам болған?

  • Абай қайда білім алды?

  • М. Әуезов Абай туралы қандай роман жазды?

  • Ыбырай қандай мектепте оқыды?

  • Абылай ханның шын аты кім?

  • Әмір Темірдің белгі тасы қай жерде сақтаулы?

  • Райымбек кім?

  • Қ.Сәтбаев қайда, қай жылы туған?

  • Ол қанша ғылыми еңбек жазды?

  • Ш. Уәлиханов кім? Оның шын аты кім?

  • Ш. Уәлиханов қай жерлерді аралады?

X. Қоғам. (9)

Біздің президентіміз. Парламент. Қоғамдық орындар. Мамандықтар.Менің болашақ мамандығым. Үндестік заңы. Нәтиже сабақ.

Меңгерілетін сөздер: Тұңғыш, лауазым, жарлық, референдум, жүзеге асыру, сенат, мәжіліс, театр, мұражай, кітапхана, әдептілік, әдемілік, бейім, мамандық, пікір, құштарлық, ақпарат, билік, қорғаушы, аудармашы, елші.

Сөйлеу үлгілері:


  • Біздің мемлекетімізде ең жоғарғы лауазым иесі кім?

  • Елбасының қоғамдағы міндеттері қандай?

  • Ол қандай қызмет атқарды?

  • Елбасы кімді тағайындайды?

  • Парламенттің құрылымы қандай?

  • Мәжіліс депутаттарының саны қанша?

  • Сенатта неше депутат болады, оны кім тағайындайды?


Оқушылардың білімі мен біліктілігіне

қойылатын негізгі талаптар (9 сынып)
Міндетті деңгей
Сөйлеу әрекеті. Қазақтың белгілі адамдары-ғалым, жазушы, сазгер, әнші, спорт жұлдыздары, білім мамандыктар туралы айта білу.

Оқылым. Әр түрлі стильде берілген мәтіндерді оқу түсіну.

Тыңдалым. Адамдардын сөйлеген сөзін түсіне білу.

Жазылым. Мәтін мазмұны бойынша қарапайым жоспар жаза білу.

Тілдік білім.


450-500 жаңа сөздерді меңгеру, үндестік заңы. Сөздерді дұрыс айту, нормасын білу. Қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігін меңгеру.

Сөз және мағына. Тұрақты сөз тіркестері. Мақал мәтелдер.

Морфология. Сөз құрамы.

Түбір және қосымша (жұрнақ, жалғау) жалғау түрлері (көптік, тәуелдік, жіктік, септік). Сөз құрамын айыра білу.



Сөз таптары. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау сөздері, одағай.

Синтаксис. Сөйлемдегі сөздердін орын тәртібі. Төл сөз. Төлеу сөз. Автор сөзі. Диалог.
Мүмкіндік деңгей
Сөйлеу әрекеті. Белгілі адамдар туралы айта білу.

Тыңдалым. Хабарламаны түсініп тыңдай білу.

Оқылым. Мәтінді оқу, негізгі ойларын анықтау.

Жазылым. Сауытты жаза білу
Тілдік білім
Мәтінмен жұмыс істеу түрлерін білу.

Қыстырма сөз, тыныс белгілерін қоя білу.

Тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыра білу.

Төл сөзбен автор сөзінің айырмашылығын біліп, сөйлемде қолдана білу.




Баға нормасы
Әрбір жауап (ауызша, жазбаша) жіктеленіп бағалану керек. Мұғалім міндетті түрде әрбір оқушының жауабының дұрыстығын бағалай білу керек. Оқушылардың дұрыс жауабына жоғарғы баға қойылады. Психикалық дамуы тежелген балаларға ерекше көніл аудару керек.

Қазақ тілінен оқушылардың білімін бағалағанда мұғалім мыналарды ескеру керек.



  1. Сөздің лексикалық мағынасын жақсы білу.

  2. Қазақ тіліне тәң дыбыстарды дұрыс айтып, меңгеру.

  3. Лексиканы практикалық түрде меңгеріп, дұрыс сөйлем құру.

  4. Сөйлем құру динамикасын және дамытуын ескеру.

«5» деген баға:



  • сөзді дұрыс құрса;

  • өткен тақырып бойынша сөздердің мағынасын білсе;

  • қазақ тіліне тәң дыбыстарды дұрыс айтса, екпінді дұрыс қойса;

  • сөз тіркестерімен сөйлемді дұрыс құрса;

  • сұрақтарға дұрыс жауап берсе;

  • ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе.

«4» деген баға:

«3» деген баға:



  • жаңа сөздерді жөнді меңгермесе;

  • өткен тақырып бойынша сұрақтарға дурыс жауап бермесе;

  • сөйлемді көмесіз құра алмаса;

  • 4-5 қате болса.

«2» деген баға:



  • емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысынан 6-дан 10-ға дейін қате жіберсе;

  • оқушы тақырып бойынша жаңа сөздерді дурыс меңгермесе;

  • сөйлем құра алмаса;

  • сұраққа жауап бере алмаса.

«1» деген баға:



  • қателер саны «2» деген баға нормасынана асып кетсе;

  • толық меңгермесе.


Ескерту: «2», «1» баға 2-5 сыныптарда қойылмайды.

Пайдаланылған әдебиеттер мен оқу-әдістемелік кешендер.
1 сынып.


  1. Г. Досмамбетова, Б. Исмағұлова: «Менің қазақ тілім» 1 сынып.

  2. Алматы. Раритет. 2001

  3. Қадыр Мырза Әлі. «Санап үйренеміз». Алматыкітап.2002.

  4. Нұртазина Р.Б., Исмағұлова Б.Х., Досмамбетова Г.К., Сейсенова А. Қазақ тілі. «Алақай». Аруана.2002.

  5. Қайырбекова А. Қазақ тілі 1 сынып.Атамұра. 2005

  6. Адамбаева Ж. «Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында тіл дамыту».

  7. Алматы – 2000.

  8. Ермекова Т.Н.,Сатбекова А.А., Сисембина А.У., Тажибаева Г.Б.

  9. Алматыкітап. 2008.

2 сынып



  1. А.М.Құдайбергенова. Қазақ тілі 2 сынып. Алматы. Раритет.

  2. Ә.Жүнісбек.,Б.Құлмағанбетова., Ж.Мәжитқызы. Қазақ тілі 3-сынып. Алматы. Атамұра.

  3. Т.Н.Ермекова.,А.А.Сатбекова.,А.У.Сисембина., Г.Б.Тажибаева. Қазақ тілі 3- сынып.Алматы. Алматыкітап.

  4. А.Қайырбекова. Қазақ тілі 2 сынып. Алматы Атамұра. 2005

3 сынып


  1. Т. Ермекова, А Сисембина, Г. Тажибаева.

  2. Қазақ тілі (оқулық) 3 сынып 2010.

  3. Қазақ тілін оқыту (әдістемелік нұсқау)

  4. А. Қайырбекова. Қазақ тілі 3 сынып 2003.

4 сынып



  1. А Қайырбекова қазақ тілі (оқулық) 4 сынып Атамұра 2003.

  2. А. Қайырбекова, Қ Барақова. Қазақ тілін оқыту (әдістемелік нұсқау) Атамұра 2004. Сюжетті суреттер. Кестелер жинағы.

5 сынып



  1. Адамбаева Ж., Нуркеева С., Баймұқанова С., Масимова Г. Алматы Атамұра 2005. Қазақ тілі (оқулық) 5 сынып.

  2. Қазақ тілі 5 сынып. М. Байжанова, Г. Нурғожина (орыс мектептері үшін) Алматы 2006. Мектеп.

6 сынып


  1. Қазақ тілі (орыс метептеріне арналған) Құлмағанбетова. Б. Атамұра 2006.

  2. қазақ тілі (орыс метептеріне арналған) Артықова Т.М. Атамұра 2006.

  3. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. Құлмағанбетова Б., Сәтбекова А. Атамұра 2006.

7 сынып


  1. Қазақ тілі (орыс метептеріне арналған) Артықова Г.М., Немеренова Б. Атамұра 2005.

  2. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. Артықова Г.М., Немеренова Б. Атамұра 2005.

  3. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. Ботанбаева Н., Маханова Р. Атамұра 2003.

8 сынып


  1. Қазақ тілі Дүйсебаев С., Боранбаев Г., Байтілеува Г., Қошқаров А. Мектеп 2004.

  2. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. Дүйсебаев С. Мектеп 2004.

  3. Қазақ тілі дидактикалық материалдар. БоранбаеваГ., Байтілеува Г. Мектеп 2004.

9 сынып


  1. Қазақ тілі. (Оқу орыс тілінде жүретін мектептерге арналған) Сариева К. Мектеп 2005.

  2. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. (Оқу орыс тілінде жүретін мектептерге арналған) Сариева К.Н., Сағатова Ғ.С. Мектеп 2005.

  3. Қазақ тілі 9 сынып З. Агзамова., К. Шаймерденова. Мектеп 2009.

  4. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. З. Агзамова., К. Шаймерденова. Мектем 2009.



1   2   3   4   5


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет