Уразаева Фатима Пайзуллаевна, т.ғ. к. Қазақстан– 2050 стратегиясы шеңберіндегі Қазақстан Жапон қатынастарындағы экологиялық мәселелер



жүктеу 114.65 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі114.65 Kb.
Уразаева Фатима Пайзуллаевна, т.ғ.к.

Қазақстан– 2050 стратегиясы шеңберіндегі Қазақстан Жапон қатынастарындағы экологиялық мәселелер

Қазіргі халықаралық қатынастардағы экономика, қарусыздану, демография, табиғи ресуртарды дұрыс пайдалану сияқты өзекті мәселелер қатарына әлемдік қауымдастықтың экологиялық мәселелерді бір қатарға қойып, маңызды мәселелер қатарына қосуы бекер емес. Тәуелсіздік алғаннан күнннен бері Қазақстан экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөліп келеді.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан жариялаған жаһандық энерго экологиялық стратегиясын қайтсекте жүзеге асыруымыз керек деді. Астаналық ұсыныс «Жасыл көпір» шеңберінде Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу қажеттігін баса айтты. Осыған орай еліміз жүзеге асырмақшы болып отырған «жасыл экономика» стратегиясы су мәселелерін, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталғандығын алға тартты. Еліміздің экологиялық мәселелері аз емес олардың бастылары: Арал теңізінің құрғауы, Семей полигонында жүргізілген атом сынақтарының зардаптары, Байқоңыр космодромының кері әсері және т.б.

Біз осы экологиялық мәселелер бойынша Күн шығыс елі «жасыл экномика» стратегиясын қолдап отырғанын айта отырып, тәуелсіздік алған күннен бастап бізге көрсеткен көмегіне тоқталмақшымыз.

Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жайлы келісімге қосылуын және ядролық қаруы жоқ мемлекеттер қатарына қосылуын Жапония қолдады. Келісімде көрсетілген шарттарды қатаң ұстанатындығын Қазақстан ашық жариялады. 1994 жылы 11 наурызда Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау келісіміне кіруіне байланысты Жапония мен біздің ел арасында Қазақстан территориясындағы Ядролық қарулардың жекелеген түрлеріне демонтаж жасаудағы әріптестік жөніндегі келісімге және Ядролық материалдардың бақылауы мен тіркеудің мемлекеттік жүйесін құру жөніндегі келісімдерге қол қойылды. Және де Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Киото университеті радиологиялық зерттеулер жүргізу жөніндегі өзара келісімге келді. Келісімде екі жақ жойылуға тиіс ядролық қару түрлерін жоюда қауіпсіздік сақтау және осыған байланысты қоршаған айналаны қорғау жұмыстарына 11 млн. АҚШ доллары бөлінді. Ядролық материалдарға Мемлекеттік бақылау орнату туралы келісім жасалды. Бірінші рет 1994 жылы экологиялық саланы зерттеуге жапондық зерттеушілер келді.

Қазақстан мен Жапония Арал теңізі мен Семей ядролық полигонындағы экологиялық мәселелердің маңыздылығын, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайдың дұрысталуына осы аймақтардағы экологиялық проблемалардың маңыздылығын нақты түсінетіндігін көрсетті.

1949 жылы 29 тамызда солтүстік-шығыс Қазақстан жерінде алғаш рет ядролық қондырғы сынақтан өткізіліп, бұл Семей қаласындағы ядролық полигонның жұмысына бастама болғаны туралы бәріміз білеміз. 1949 жыл мен 1990 жылдар аралығында барлығы 467 жер асты және атмосфералық жарылыстар өткізіліпті. Осының барлығы аймақ өміріне зардап әкелді, ауылшаруашылық жерлер жоғалтылып, экожүйе мен қалыптасқан өмір салты мүлдем жойылды деуге де болады. Қорғаныс өнеркәсібіне негізделген өнеркәсіптік база ескіріп, қала инфрақұрылымы күйреп, ең бастысы адам өміріне зардап әкеліп, жалпы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы әбден төмендеп кеткені айқын. Осыған орай Семей мәселесінің аса маңызды екендігін қолдай отырып, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1997 жылы 52/169 Резолюция қабылдағандығы жайлы жоғарыда айтып кеткенбіз. Бұл Резолюция халықаралық қауымдастықты Қазақстан үкіметіне ядролық жарылыстардан зардап шеккен аймақ халқына көмек көрсетуге шақырды. 1998 жылдың қарашасында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 53-отырысының Резолюциясымен Семей мәселесін аса маңызды көңіл бөлуді қажет ететін аймақ деп танып, донор мемлекеттерді және халықаралық қаржы институттарды аймақтық мәселені шешуге қол ұшын беруге шақырды. Біріншілер қатарында Жапония үкіметі өз елінде БҰҰ-мен бірігіп Семей мәселесіне арналған халықаралық конференция ұйымдастыруды ұсынды. Конференция 1999 жылдың 6-7 қыркүйегі аралығында Токиода өтті. Бірқатар елдермен халықаралық ұйымдар Семей аймағын қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік жобаларды қаржыландыруды мақұлдады. Жобаларды басқару Сыртқы істер министірлігінің басшылығымен қызмет жасайтын ведомствоаралық комиссияға жүктелді. Ал халықаралық көмекті бөлу мен қадағалау БҰҰ-ның Даму программасы ПРООН-ға жүктелді. 2002 жылдың сәуірінен бастап Семей аймағында кіші гірім гранттар жобалары іске асырылып келеді. Жобалардың басты міндеті -әлеуметтік жағдайды жақсарту. Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға конкурстық негізде мемлекеттік емес ұйымдарға гранттар бөлінеді. Жобаларды Гранттық комитет қарап, таңдайды. Бұл Гранттық комитет ПРООН бағдарламасының өкілдері, Семей қаласының әкімшілігі мен Жапония үкіметі қаржыландыратын жобалар болғандықтан, Жапон елшілігінің мүшелерінен тұрады.

90-жылдардың ортасында БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілеттігі «Семей өңіріне стратегиялық көмек» атты ПРООН бағдарламасының шеңберінде біріккен миссия ұйымдастырған болатын. Халықаралық және жергілікті сарапшылардан тұратын, барлығы 70 шақты адамнан тұратын бір топ ядролық полигон аймағына барып, халық мұқтаждығы мен экологиялық жағдайды, денсаулық сақтау мен экономикалық әлеуметтік жағдайды қалпына келтіруге қаншалықты қаржы қажеттігін сараптаған. Сапар нәтижесінде Қазақстан үкіметі мақұлдаған Семей аймағын қалпына келтіруге көмек көрсету атты бағдарлама жарияланды және БҰҰ-ның Бас секретары БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1998 жылғы отырысында жан-жақты талдау жасады. 1999 жылы тамызда Қазақстанның өтініші бойынша ПРООН бағдарламаны жүзеге асыру үшін ашық Траст қорын ұйымдастырды. Бірінші болып қорға Жапония үкіметі 2001 жылдың басында 1,1 миллион АҚШ доллары көлемінде, үш жобаны қаржыландыруға жететін қаражат салған болатын. Жоғарыда айтылғанның бәрі де Жапония үкіметінің біздің еліміздегі экологиялық мәселелерге көңіл бөліп, бірінші болып қол ұшын бергенін дәлелдейді. Жапонияның Қазақстандағы елшісі болған Тосио Цунодзаки мырза «Семей қаласы Жапониядағы Қазақстанның ең әйгілі қаласы» дейді. Ол өзінің 2006 жылы 31 тамыз бен 5 қыркүйек арасында Шығыс Қазақстанға жасаған сапары барысында Жапон үкіметінің қаржы бөліп, көмек көрсеткен мекемелеріне барды. Олар нашар көретін балаларға арналған интернат, 2003 жылы Жапон үкіметінің көмегімен онда тренажер залы ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар елші жапон жағы дезинфекциялық камералар орнатып берген Әлеуметтік қалпына келтіру орталығы мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен Семей қаласының клиникалық Орталығына да барып шықты. Елші мырзаның айтуынша Жапония да Қазақстан сияқты атом бомбасының зардабын шеккен мемлекет, сондықтан да тек Жапон үкіметі ғана емес, сонымен қатар жапон халқы да, әсіресе, Хиросима мен Нагасаки қалаларының тұрғындары Семей өңіріне көмек көрсетуге әзір екендігін танытты. 2000 жылдан бері Жапония Семей аймағының медициналық қызмет көрсету саласына көмек көрсетіп келеді. Жапондық мамандар мен ғалымдар аймақ халқын қарап, ракты бастапқы кезеңінде қалай тануға болатындығы жайлы тәжірибесімен бөлісіп отырады. Қазақстан мен Жапония Ядролық қаруды жою үшін біріккен Комитет құрған болатын, осы комитет арқылы Жапония үкіметі Семей аймағына бірқатар медициналық аппараттар қойып берді. Ең маңыздысы - алыстан диагностика жасауға болатын қондырғы. Бұл қондырғы спутник арқылы Жапониядағы мамандар Семейдегі ауруларды бақылап, диагноз қоюға мүмкіндік береді.

«Жапония да, Қазақстан да ядролық жарылыстардың зардабын шеккен елдер» деп 1997 жылдың 19 ақпанында Семей өңіріне жасаған сапары кезінде Жапонияның Төтенше және Өкілетті елшісі Хидэката Мицухаси мырза атап өткен болатын [1]. Бұл сапар барысында Елші сол кездегі әкім Жақияновпен кездесті, Семей университетінде лекция оқыды, Радиология институтының аймақтық ауруханасының гемотологиялық бөліміне, Абай мұражайына, Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталыққа сапар шекті. Әуежайда журналистерге берген пресс-конференциясы кезінде бұл сапардың ең жағымдысы ЮНИСЕФ-тың балалар ауруханасына берген дәрі-дәрмектер тізімін жасау болды. Бұл тізім бойынша 3 айға, 10 мың ауру балаларға арналған дәрілер беріледі. Өз жағынан да Елші кішкентай семейліктердің сауығуына арналған қаражат ұсынды. «Бізде ортақ қайғы бар: халықтарымыздың тарихында терең із қалдырған, атом бомбаларының жарылысы» - деді соңында Мицухаси мырза.

20 ғасыр Қазақстан мен Жапония тарихында қайғылы із қалдырды, екі ел де атом қаруының зардабын шекті. Жапония кезінде атомдық қарулардан зардап шеккен мемлекет ретінде әрдайым Қазақстанға Семей полигонындағы көпжылдық ядролық жарылыстардың зардаптарын жоюға бағытталған шараларға атсалысады. Хиросима мен Нагасаки, Семей полигонында болған жарылыстар әлі күнге дейін мыңдаған адамдардың жүректерін қансыратады. 1999 жылдың 6-7 қыркүйек аралығында Токиода өткен Жапон Үкіметімен БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен бірігіп ұйымдастырылған «Семей полигоны мәселелері» атты конференция ерекше маңызды. Конференцияға 24 ел: Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, АҚШ, т.б. елдер өкілдері, 12 халықаралық ұйымдар мен банктер: Әлемдік банк, Европалық Қайта құру және даму Банкі, ОБСЕ, НАТО, Юнеско қатысты. Қатысушылар арасында сондай-ақ үкіметтік емес халықаралық қайырымдылық қорлардың өкілдері мен ғалымдар да болды. Жапония делегациясы құрамында атом қаруынан зардап шеккен Хиросима мен Нагасакидің әкімдері де қатысты.

Жапон Үкіметі Семей аймағын қалпына келтіру шараларына 1 млн. АҚШ долларын бөлетіндігі жайлы ресми жариялады. Бұл қаржының: 400 мыңы медицина саласына, 300 мыңы әйелдерге көмек көрсетуге, 300 мыңы үкіметтік емес ұйымдардың дамуына бөлінді. Хиросима мен Нагасаки өкілдері Семейге 180мың доллардың медициналық жабдықтарын ұсынды. Қазақстан территориясындағы ядролық қаруды сынаудан зардап шеккен Семей полигоны мәселелерін шешуде екіжақты байланыстардың тереңдей түскенін 1998 жылы Семей медициналық академиясы мен Нагасаки қаласының университеті арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы келісімге қол қоюы және Нагасаки қаласының бағалы премиясы «Нагаи доктордың бейбітшілік меморандумын» Онкология және радиология институтының директоры академик С. Балмұхановқа ұсынуы айқын көрсетеді.

2002 жылдың 4 сәуірінде Алматыда ҚР-ның Сыртқы істер министрлігі мен ЮҰҰ-ның дамуға арналған бағдарламасы және Жапония елшілігінің Семей полигонында ПРООН-ның үш жобасына арналған пресс-конференция өтті. ҚР-ның Вице-министрі Қайрат Әбусейітов пен БҰҰ-ның біздің елдегі тұрақты өкілі Фикрет Акчура осы жобалар туралы анық түсініктеме берді. Күншығыс елі қаржыландырып отырған жоба халықты айықтыруға бағытталған және осыған 1,1 млн. АҚШ доллары бөлінген. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл тек аймақты, халқын және экономикасын қалпына келтіріп өркендеуге бағытталған ауқымды жобалардың бастамасы ғана екен. Жалпы барлығы 43 млн АҚШ долларын құрайтын 38 жоба жасалған.

Басқа да шаралармен қатар Жапония мен Семей қаласының медициналық саланың мамандары арасында телекөпірлер жиі өткізіліп тұрады. Сондай бір телекөпір кезінде Нагасаки университетінің ғалымы семейліктерге сүт безінің қауіпті ісігін алдын ала болжау туралы лекция оқыды. Бұл жобаға маммологтар, онколоктар, интерн-дәрігерлер мен студенттер қатысты.

Көмектің тағы да бір көрінісі ретінде Жапонияның балалар мен жас өспірімдер орталығы «Истокқа» 600 мың доллар қаржыны қайың өсіруге арналған теплицалар салуға бөлгенін айтуға болады.

Тек Семей қаласы ғана емес, сонымен қатар Өскемен, Курчатов қалалары да жаңа аурудың түрін анықтауға арналған жалпы 6 млн. АҚШ доллары тұратын медициналық құрал-жабдықтарға қол жеткізді. Оның ішінде компьютерлік томограф, мобильді диагностикалық орталық, рентген аппараттары, функционалды диагностика аппараттары, сонымен қатар эндоскопиялық және лабораториялық қондырғылар да бар. Қорыта айтқанда Жапония өзі де ядролық қарудан зардап шеккен мемлекет ретінде біздің халімізді жақсы түсінеді де және осы күнге дейін барынша көмек көрсетуде.

Арал мәселесіне келетін болсақ, кезінде Арал теңізі дүние жүзіндегі аумағының көлемі жағынан төртінші орындағы көл және табиғи байлығы мол, биологиялық табиғи ортасы бай, гүлденген аймақ болғандығы бәрімізге де аян. Бірақ табиғат әміршісі-адамның кейінгі жылдардағы әрекеттері жағдайды күрт өзгертіп жіберді. 1995 жылдың өзінде-ақ теңіз су көлемінің төрттен үш бөлігін жоғалтты. Бүгінгі күні 33 мың шаршы километр теңіз түбі жері шөлге айналды. Теңіз жағалауы 100-150 километрге дейін тартылды. Судың тұздылығы 2,5 есеге артты. Ал теңіздің өзі екіге -Үлкен Арал мен Кіші Арал болып бөлінді. Бір сөзбен айтқанда, Арал құрғап, құрып бара жатыр. Арал теңізі мәселесі тек аймақтық ғана мәселе емес. Кеуіп кеткен теңіз түбінен жыл сайын 100 мың тоннаға жуық тұз бен құрамында көптеген химикаттар мен улы заттар бар жұқа диспенсерлік шаң айналадағы барлық тірі жанға зиян келтіреді. Арал батыстан шығысқа бағытталған ауаның қарқынды бағытында орналасқандығы бұл аэрозольдардың атмосфераның жоғарғы қабаттарына шығуына жол береді. Сондықтан тұзды ағымдар бүкіл Еуропа мен тіпті Солтүстік Мұзды мұхитта да байқалады. 2010-2015 жылдар Арал тіпті жер бетінен жоқ болып кетеді деген болжам бар. Оның орнына Арал-құм атты, Қарақұм мен Қызылқұмның жалғасы - шөлді жер пайда болады деп мамандар болжауда. Әрине жоғарыда айтылғанның бәрі де ең алдымен сол аймақ халқына ауыр тиетіндігі белгілі. Халық неше түрлі ауруға шалдығып, қиын күн кешіп отыр. Кезінде Арал теңізі теңіз өнімдеріне бай өңір еді. Бүгінде судың тұздылығының салдарынан балық түрлерінің көбісі құрып, қалғаны жеуге жарамсыз болып қалды. Бұл халықтың жұмыссыздығын тудырып, жалпы аймақтың хал-ауқатына нұқсан келтірді. Мұндай жағдайдың тууына, Аралдың құрғауына ең басты себепші мақта плантацияларын суғаруға ойланбай, суды көптеп пайдалану болып табылады. Онымен қоса аймақ халқы да соңғы жылдары 2,5 есеге артып, Аралға құятын өзендердің суын пайдалану да сонша есеге артты.

Арал аймағына көмек көрсету үшін халықаралық бағдарлама шеңберінде Жапония Үкіметі Арал аймағын ауыз суымен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын суландыруға 1994-95 жылдарға 70-100 млн. АҚШ доллары шамасында қаржы бөлді [2]. Грант ретінде 1999 жылы 77,779 АҚШ доллары көлемінде Арал теңізі аймағына экологиялық зерттеу жасауға көмек көрсетті.

2002 жылдың 24 желтоқсанында 3 жылға созылған ҚР сейсмология институты мен JICA-ның бірігіп Алматы қаласы аймағындағы сейсмикалық қорғаныс, сейсмикалық жағдайды болжау мен сесмомониторинг жүйесін одан әрі жетілдіру жобасының қорытындылары жарияланды.

2002 жылдың 11 шілде мен 29 қаңтар аралығында Жапония Үкіметінің грант бөлуі жөніндегі келісімдерге қол қою рәсімі өткізілді. Бұл келісім бойынша Астанадағы жедел жәрдем ауруханаларына жалпы мөлшері шамамен 3,5 млн. доллар құрайтын, сонымен қатар, Қызылордадағы көпсалалы аурухана комплексін 3,8 млн. доллар құрайтын медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Сол жылдың 16 мен 23 наурызы аралығында Қоршаған ортаны қорғау министрі А. Самақова бастаған Қазақстандық делегация Киото, Осака, Шига қалаларында өткен Үшінші Бүкіл Әлемдік Форумға қатысты. Халықаралық ұйымның «су мүмкіндіктері қорын» басып шығаруы форумның жетістігі деп санауға болады. Халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету және Каспий, аймағындағы қазақстандық жақтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар Арал проблемалары бойынша арнайы отырыстар өткізуге де қол жеткізілді. Тұрақты жұмыс істейтін «Орталық Азияның су ресурстарын бірігіп пайдалану негізінде аймақтық байланыстар» атты ұйымы да құрылды. Форумның соңғы құжаты – декларацияға қосымша әлемдік су экологиялық мәселелер реестрін жасау және оған Арал теңізі проблемаларын қосу туралы Қазақстан жағы ұсыныс жасады [3].

Экономикалық және ғылыми техникалық салаларда үлкен жетістіктерге жеткен Жапония басқа мемлекеттерге қарағанда экономикалық дамудың экологиялық зардаптарын жақсы түсінеді. Экономикалық дамуды сақтай отырып экологиялық мәселелерді шеше алғаны үшін Күн шығыс елі әлемдік қауымдастықта үлкен беделге ие деуге болады. Қазақстан үшін де энергоүнемдеуші технологияларды жүзеге асыруда, экологиялық мәселелерді шешуде Жапон елінің жетістіктерін мысалға алса абзал болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Табиғат. – 2002. – №. – С. 2.

  2. Совместное заявление Республики Казахстан и Правительства Японии о дружбе, партнерстве и сотрудничестве - документ о стратегическом партнерстве Казахстана и Японии в XXI веке // Казахстанская правда. – 1999. – 6 декабря.

  3. Дрозд Н. Несмотря на поддержку МИДа, проект по обеспечению опреснительными установками Аральского региона не реализуется. Вместо него на средства японского гранта планируется возвести в Астане Японо-казахстанский дом // Панорама. – 1998. – 10 июля.

Экологические вопросы в казахстанско-японских отношениях в рамках стратегии Казахстан 2050

Данная статья расматривает экологические вопросы в двухсторонних отношениях между Казахстаном и Японией. На сегодняшнии день экологическим проблемам отводится особо важное место наряду с такими мировыми проблемами как экономическая стабильность, демограические проблемы, рациональное использование природных ресурсов и т.д. С момента обретения Казахстаном независимости на вопрос о решении экологических проблем уделяется особое внимание в рамках правительственных, межправительственных программ. В своем ежегодном послании Президент РК Н.Назарбаев отметил что в рамках стратегии Казахстан 2050 была предусмотренна энерго экологическая стратегия и Казахстан намерен выполнить ее.

Одной из направлении стратегии экологической стадильности является программа «Зеленая экономика, зеленый мост».

Со дня независимости нашей страны Япония уделяет особое место решению экологических проблем в двусторонних отношениях. О чем подробно рассказывает данная статья.


Environmental issues in the Kazakh-Japanese relations in the framework of the strategy Kazakhstan - 2050

The article gives the analysis of the environmental issues in the bilateral relations between Kazakhstan and Japan for 22 years since the establishment of diplomatic relations in 1992 to the present day. Nowadays the environmental issues have a special importance, along with important world issues such as economic stability, demography problems, rational use of natural resources, etc. Since Kazakhstan gained its independence always paid special attention on the issue of solving environmental problems according governmental and intergovernmental programs. Also the new quality of the relationship which reached a high level of strategic partnership in the political and economic spheres. The analysis of agreements signed during the visits of leaders of ministries and departments. Also, this article describes the similarity of the position of Kazakhstan and Japan according to the global issues such as the peaceful use of nuclear energy and nuclear nonproliferation.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет