Вариативтік компонент: Өлкетану. Тақырыбы: «Су-тіршілік көзі»



жүктеу 26.88 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі26.88 Kb.
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№ 8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі Айкен Уразалина Батырхановна, Атырау қаласы


Вариативтік компонент: Өлкетану.

Тақырыбы: «Су-тіршілік көзі»


Мақсаты:

1. Су-тіршілік көзі туралы білімдерін тереңдету. Судың адам тіршілігінде маңызды екенін нақтылау.

2. Судың пайдасы, қасиеті, маңызы туралы білімдерін кеңейту. Танымдық қасиеттерін арттыру. Балалармен бірге судың қасиатіне тәжірибе жасау.

3. Бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. Суды үнемдеуге тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекіліктер: шелектегі су; әртүрлі көлемдегі шыны ыдыс; бояу, қылқалам.
Сөздік жұмыс – тұщы
Жүру барысы.
- Балалар, сәлеметсіздер ме? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Судың адамзат өміріндегі маңызы, тіршілік көзі екендігі. Глобусты көрсету.

Сұрақтар.

- Глобуста суды қандай түспен белгілейді?

Дидактикалық ойын: «Су кімдерге керек? (өсімдіктер мен жануарларды пайдаланып ойын ойналады).



img-20151016-wa0003.jpg

- Қане, балалар, «Жылға және көл» деген сергіту жаттығуын ойнап көрейікші.

Шарты: «Жылға» дегенде шашыраңқы жүреміз, ал «көл» дегенде бәріміз қол ұстасып шеңбер құрамыз түсінікті ме, балалар. (ойын ойналады).
- Балалар, өзен-көлдің, теңіздің суын адамдар қалай пайдаланады?

Балалар: Суда ыстық күндері шомылады, кемелер жүзеді, адамдар балық аулайды, тұщы суды адамдар тамаққа пайдаланады.



  • Балалар, өте дұрыс айтасыңдар. Адамдар бұрыннан су қоймалары бар жерге қоныстанған. Сендер тұратын жерде қандай өзен, көлдер бар?

Балалар: Жайық өзені, теңіз бар.

- Су туралы мақалдар білесіңдер ме? (мақалдар айтады)

- Балалар, жер бетіндегі барлық судың бәрін пайдалана бермейді. Су ащы және тұщы болып бөлінеді. Адамдар тұщы суды тамаққа пайдаланады.

- Енді, балалар, судың қасиеттерін есімізге түсірейікші. Су қандай болады?


1) Су мөлдір

2) Суың дәмі жоқ

3) Судың иісі жоқ

4) Судың пішіні жоқ

5) Су – еріткіш
- Енді тәжірибе жасап көрейік
№1 тәжірибе. «Бұл – су» ішінде ыстық су бар, қараңдаршы, қақпағында су тамшылары бар, буланып тұр.
№2 тәжірибе. «Су – сұйық» Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құямыз, қандай?
№3 тәжірибе. Суды иіскеп көріңдер, иісі бар мА? (суда иіс жоқ)
№4 тәжірибе. Су мөлдір, ішіне тас тастап көрейік, көріне ме? (су- мөлдір)
№5 тәжірибе. Суды ішіп көріңдер, дәмі бар ма? (судың дәмі жоқ) img-20151016-wa0002.jpg img-20151016-wa0006.jpg
№6 тәжірибе. Суға қант салып көрейік. Қант қайда? (су- еріткіш)
№7 тәжірибе. Су қатты суықта неге айналады? (су- мұз болып қатады)
Дәптермен жұмыс (жеке баламен жұмыс)
Қорытынды.
- Балалар, суды не үшін үнемдеуіміз, қорғауымыз керек? Жер бетінде су жоғалып кетсе не болар еді? (су- тіршілік көзі)
- Біз суды қорғауымыз үшін қандай көмек көрсете аламыз?
- Суды үнемдеп қолдану керек. Кранды дұрыстап жауып жүру керек. Суды ластауға болмайды.. Оған қоқыс, қалдықтар лақтыруға болмайды.
Балалардан күтілетін нәтиже:

1). Судың ащы және тұщы болатынын білу; суды қалай пайдаланатынын; Судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы біледі.



2). Судың адамзат өмірінде маңызды екенін түсінеді.

3). Су қоймаларын қорғауды күтуді түсінеді.
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет