Зейнелбай Розагүл Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қосарал негізгі мектебінің психологы Тақырыбы



жүктеу 97.33 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі97.33 Kb.
түріСабақ


Зейнелбай Розагүл
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

Қосарал негізгі мектебінің психологы

Тақырыбы: Мен - ұлтымның болашағымын

Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрді әдеп ғұрыптарды танып, оларды сақтап қалуға бейімдеп, бала бойына патриоттық сезімін ояту мен қатар оқушыларға асыл қасиет тек қана адамға тән екендігін түсіндіру арқылы жақсы қасиетке баулып, жаманнан жирендіру, адамгершілік сезімін дамыту, ізгі қасиеттерді бойына сіңіру арқылы мәдениетке үйретіп, парасатқа іскерлікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: музыка аппараты, баяу әуенді диск, қағаз, тапсырмалар үлестірме мақалды жалғастыру, орамал, дорба, асық.

Әдісі: музыка терапия

Сабақ жоспары:

  1. Көңіл-күй барометрі

  2. Жақсы сөз –жарым ырыс

  3. Адамгершіліктін аслы арналары.

  4. Ұлағатты сөздер /қағида өлеңдер/ салт-дәстүрден

  5. Релаксия жаттығу

Көңіл-күй барометрі: оқушылар өздерінің көңіл-күйлерінің қандай екенін қолымен көрсетеді. Егер көңіл-күйлері көтеріңкі болса, алақандарын ашық, көңіл-күйлері нашар болса, алақандарын бір-біріне тигізіп көрсетеді.

Жақсы сөз жарым ырыс

Мақсаты: бірінің ішкі сезімдеріне әсер ету арқылы, сыныптасының жеке тұлға ретінде ерекше қасиеттерін айқындап беру.

Нұсқау: жеке тұлғаның дамуына құбыларының, қатарлас сыныптастарының ықпалы аса зор әсер ететіні белгілі.

Әр бала сыныптасының жасқы қасиетін дәлелді сөздермен айтып беруі тиіс.



  1. Өз ойын ашық білдіру;

  2. Шынайлық таныту;

  3. Тұлғаның тек жасқы қасиеттерін бағалау.

Мысалы:

  1. Сен қайырымдысың, үнемі достарыңа қиын жағдайда қол ұшын бересің.

  2. Сен ақылдысың, өйткені достарыңа ақыл айта білесің.

  3. Сен сыпайысың, үлкенді құрмет тұтып, кішіні сылай аласың.

  4. Сен еңбекқорсың,сонің арқасында сабақты жасқы оқисын.

  5. Сен кешірімдісің, ешқашан қиындыққа мойынсынбайсың.

  6. Сен үнемі көңілді жүресің, сондықтан ылғи бізге жақсы көңіл-күй сыйлайсың.

  7. Сен белсендісің, сыныптастарынды үнемі алға алпынуға жетелейсің.

Адамның көңіл-күй өзіңіз жаман қасиеттері көбейгенде ашушан қыныр болып келеді ол болса біз бүгінгі сабағымызды бастамастан бұрын бойымыздағы жаман қасиеттерден құтылып алайық мен сіздерге жасыл түсті көбелектер таратып шығамын сіз осы қағазға жаман қасиеттеріңізді жазып 1-минут уақытта соң ортадағы қоқыс шелегіне жыртып тастаймыз адамгершіліктің құндылықтарын жинуа үшін жаман қасиеттен арылып жақсы жасиет көп жинай білейік.

Адамгершіліктін асыл арналарында оқушы бойына ең басты қасиет бүгінгі заман адам сегіз қырлы, бір сырлы болып өсу керек. Оның ең бастысы-адамгершілік. Ата-анаың тілегі сенің жақсы адам болуың, еңбексүйгіштігің, оқу мен еңбектегі жеткен табыстарың олар үшін үлкен бақыт.

Жүсіп Баласағұн адамегршілік пен инабаттылықтың төр қасиетін «Құтты білік» дастанында көрсетіп берген. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби «Жас жеткіншектерімізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»-деген екен. Музыка жай қосылып тұрады. Адамгершілік бастауы-ізгілік. Адамгершілік қарапайым қағидалары адамгершілік-адамдардың бір-бірін құрметтеуі, сыйлауы, инабаттылығы, ол ұлттық салт-дәстүрімізді білуден басталады. 1-оқушысы. Қазақ халқында амандасуға айрықша мән беріледі. Әдеттеғ кіші-үлкенге, аттылы-жаяуға бұрын амандасады. Амандасу-бейбіт пейілдің, достық, ынтымақтастықтың, өзіңізге денсаулық тілеудің белгісі. 2-оқушы. Армысыздар!амандасу ежелгі қазақи дәстүр амандық сұрау, сыпайы сәлем беру. Сәлемдесу немесе сәлем беру деп кішінің үлкенге, сондай-ақ қатар-құбылардың амандасуын айтады. 3-оқушы. Қол беріп амандасу-шынайы ізгі ниетті білдіруеді. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндет емес. Төс қағыстырып амандасу-ер жігіттердің шынайы достығын, қуанышын білдіреді. Қолдан сүйіп амандасу әжелердің немесе апалардың, жасөспірімдерді қолынан сүюі, ол балаларға, жас ұрпаққа деген құрметті білдіреді. 4-оқушы: көпшілікпен амандасу, көпшілік ортырған жерге келген кісі әрқайсысына емес, жұрттың біріне ортақ бір ғана сәлем беріледі. Бір үйгедег отбасы мүшелері де бірге қонып шыққан адамдар да таңертең бір-біріне «Қайырлы таң» айтып, амандасады. Бүгін адамгершілікті сіздерге қалай түсінесіздер, этика нормаларын білеміз бе, өзара пікірлесіп, ой бөлісейік. Музыка жай қосылып тұрады:



Нұсқау: асық алу арқылы адам бойында болатын қасиеттерді атап айтып бересіздер 1-минут уақыт беріледі. Әр бір сұраққа жауап беріп үй макетін құрайық Адамгершілік туралы бірге білейік және әр бір қасиет сайын шатыр құрайық. 1-оқушы. Адам тумасынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белглі болады. Ізеттілік пен сыпайлық сияқты адмгаршілік негіздері отбасынан басталады. 2-оқушы. Жанұядағы тәрбиені адам өз өмірінің «алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектеп халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық яғни рухани адамгаршілік тағылымдары-еліміздің дәстүрін, ата-ана мен ұстаз ұлағатын өз білімдерімізбен жалғастырамыз. 3-оқушы. Адамгершілік қасиеті ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлауынан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу-әр баланың өмір бойғы міндеті. Қартайсан қарт бабанды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдер кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау айтқан екен. Енді оқушылар, адамгершіліктің қағидаларының қарапайымдылығы мен танысайық 4-оқушы: адалдық-адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі. Ол кез келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен, адамшылдық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді. Адалдық өсек-өтірікке жоламауды, біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз-жаны, жүрегі таза болу деген сөз. 5-оқушы. Кешірімді болу кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлық, қайырымдылық қасиеттеріне қысқаша тоқталып өтсек. 6-оқушы. Ізеттілік –айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу-бейбіт пейілдің достық ықыластың белгісі, мінез құлықтың нормасы. 7- оқушы. Әділ болу-адамгершіліктың асыл белгісі Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағагда ғана құрылады. Әдеп-ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйегенде ғана әділдік жеңеді. 1-оқушы. Рұқсат сұрау адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағиданың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендеріңіз жөн. Әр адам ұлтына, нәсіліне, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық, сенім бар. 2-оқушыс. Кешікпеу дағдарысын адам өзіне бала жастан дарытқан жөн. Кешігу-адамдарды сыйламаушылық. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару-мәдениетсіздік. Уәделі жерге сәл ерте бару керек, кешікен жағдайда кешірім сұрау қажет. 3-оқушы. Сабырлық адам бойына 2 жолмен дариды: бірі туа біткені де, екіншісі адамның өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатындығын көрсетеді 4-оқушы.Қайырымдылық-айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көртереді. Қайырымды бала қашанда ата-ананың мақтанышы. , Әлемде қайырымдылық ұйымы қашан құрылды. 5-оқушы. Әлемде қайырымдылық ұйымы қашан құрылды? 1859-жылы франко-италия-австрия соғысында 40 мың солдат құрбан болды. Ұрыстан соң мындаған жаралы солдаттарға еш көмек көрсетілмей далада қалды. Швейцариялық Анри Дюнанның бұл жанына қатты батып, жараланғанда көмек көрсететін еріктілер қоғамын құрылды. Ол қоғам-қазіргі Қызыл Жарты Ай қоғамы. Осы қоғамға. Қазақ ел 1937 жылдан мұше болып келеді. Бұл қоғам стихиялық және төтенше жағдайда халаққа медициналық, әлеуметтік көмек берді. Қызыл Жарты Ай қоғамының қараусыз қалаған балаларға арналған үйі бар. Мұнда ата-анасы жоқ немесе тағдыр тәлкегіне түскен балаларға қор қол ұшын берді. Адмгершіліктің басты қағидаларын орындау-адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай Адамзаттар нәсіліне, ұлтына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдылық жағдайына қарамай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы адамның бас бостандағы мен жеке өмір сүру еркі болып табылады.

Мақал-мәтелдер


c:\documents and settings\admin\мои документы\мои рисунки\фото0885_001.jpg

1-оқушы. «Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас»-айналасындағы адамдарға үнемі көмекке әзір, арам пиғылы жоқ, шын инетімен ақтарылып тұратын адамдарды айтады.

2-оқушы.«Уәде –құдайдың ісі»-уәдеде тұру

3-оқушы.«Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені» -мойына алған істі орындау, жауапкершілік.

4-оқушы.«Сырты бүтін-іші түтін»-босқа көлгірситін көзқарас пен мінездегі /екі жүзділік, жарамсақтық/ жалған көріністер.

5-оқушы. «Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы»-ар жаннан да қымбат қасиет. т,б

6-оқушы. «Жақсылыққа бастайтын жарық жұздыз-оқу»

7-оқушы. «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда»

Адамгершіліктің негізін салған адам: бір алып шаһарда данышпан өмір сүрген ол адамның бөйында ерекше бір қасиет болыпты. Ауырған сырқаған адамдарға емдік, шөпттік дәрі-дәрмектер жасап емдепті мұқтаж жандарға қолынан келегн көмегін аямаған. Данышпаның адамгершілік қасиеті төрткүл дүниеге тарапты. Сондықтан қалағанымызды істей берейік деген теріс ойлар пайда болып көп кісі теріс жолға түсіп кетеді. Халықтың азып бара жатқанын байқаған данышпан халықтың рухани жан-дүниесін байытуды ойлайды. Ең бірінші ісін бар ауылға ағаш егуден бастайды. Айналаның бәрі көгорай шалғынды ну ағаш егеді. Құстар ұшып келеді. Баяғы жаман жолдағы адамдар данышпаның ісін көріп, өз істеріне ұялып, қолдарына күрек, еңбектене бастайды. Жұмыстан сәл қолы босаған соң, кітап оқуға көңіл бөледі. Халқытың жүрегіі таза, көңілдері кең, еңбекқор, білімді бола бастайды.

Міне оқушылар , адмгершілік қағидалары туралы бірталай мағұлмат алдық. Әрине, аз уақытта бұл тақырыпты толық қамти алмаймыз, дегенмен айтылған ойлар бізге үлкен сабақ болады деп ойлаймын. Мемлекетіміздің болашағы жарқын болуы үшін сіздер жаны, тәні таза, рухани дені сау тұлға болады деген сенімдемін. Дей келе бүгінгі жасаған шатырымыздың арғы бетіне өтейік оқушылар адамгершілік табалдырығын аттайық шын жүрегімізбен адамгершіліктін жолын ұстанайық оқушыларым бұл дегеніміз үлкенді құрмет көрсету, кішіге ізет болу деп санайық .



Ұлағатты сөздер /қағида өлеңдер/ салт-дәстүрден

Біздің сабағымыз ұлыстың ұлы тойынын қарсанына келген соң сіздерге Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің бірі ұлттық ойын орамал тасттауды ұсынамын. ол үшін біз бір неше қағида өлеңдерді бірге білейік орамалды қағып алып өлеңді оқып беру керек. Бұл өлеңдер адамгершілікке толы атада балаға мирас болып қалған.

Ұрпақ төрт түрлі:

  1. Біреуі атаға жете туады.

  2. Біреуі атадан өте туады.

  3. Біреуі атаға тете туады,

  4. Біреуі кері кете туады.

Үш арсыз:

  1. Ұйқы арсыз,

  2. Күлкі арсыз.

  3. Тамақ арсыз,



Бес тең

  1. Әкеден алған ақылың Даңғыл қара жолмен тең

  2. Ағайының көп болса, Сапта тұрған қол мен тең.

  3. Жақсы болса ағаңыз Асқан Асу бел мен тең.

  4. Елгезек болса ініңіз Ерттеулі тұрған атпен тең.

  5. Көпті көрен қартыңыз, Жазылған шежіре хатпен тең.

Жеті жұт

  1. Іске салақ Қолы олақ Ақылы шолақ, Мінезі шайпау, Жаман қатын ерге жұт

  2. Әкенің тілін алмаған, Анасын күндк алдаған, Алтыннан қымбат уақытын Бос жүріске арнаған Талапсыз бала үйге жұт.

  3. Алтын бақан-ала ауыз. Берекесіз ел ханға жұт.

  4. Өтпес пышақ, шабан ат, қисық мылтық жанға жұт.

  5. Қаптаған қалын шегіртке. Көкорай шалғын белге жұт.

  6. Қайырымсыз әке жұт.

  7. Мейірімсіз шеше жұт.сегіз қажет.

Сегіз қажет.

1. Ақыл-адамды аздырмайтын ем.



  1. Білім таусылмайтын кен.

  2. Адамның басшысы-арман.

  3. Жеткешісі-жігер.

  4. Шолғыншысы-ой.

  5. Жолдасы-кәсіп.

  6. Қорғғаны-сабыр.

  7. Қолдаушысы-мінез.

Жеті кері.

  1. Сәтіне келмеген сауда кері,

  2. Шешімін таппаған дау да кері.

  3. Ақысы жарымаған жұмыс кері.

  4. Араздығы арылмайтын туыс кері.

  5. Төртүлік мал баспаған далаң кері,

  6. Елдің бағын ашпаған заман кері,

  7. Ақылынды алмаған балаң кері.

Үш жұрт

  1. Нағашы жұртын

  2. Өз жұртын

  3. Қайын жұртын

Осындай ұлағатты /қағида өлеңдер/ салт-дәстүрден көп мағұлматтар алайық оқушылар есімізде сақтап жүрейік

Релаксия жаттығу

Мына бір өлеңіне зейін салайық



«Сызат»

«Мен алма жинаймын» жаттығу сіздің алдағы уақытта МАБ-ға қалай дайындалғаныңызды білуге болады.

Қажетті құралдары: аққағаз, қарындаштар түрлі-түсті

Нәтижесі: сіз алма теріп жатқан адамды бейнелесеңіз сіз өзіңіз үнемі дайындалып жүрген адамсыз! Ал егер тек қана жай алма салып баспалдақ салмасаңыз сіз онда өзіңіз дайындалмайтын адамсыз! т,б

«Есім-құлаққа ең жағымды естілетін сөз» ойыны


  1. А-ең басты бейне, әр нәрсеге ықыластануы, рухани байлығы мол;

  2. Б-арманшыл, берік, тиянақты;

  3. О- адамгершілігі мол адам;

  4. Т- сезімтал, шығармашыл, тұлға, шындықты, ізденуші;

  5. Ұ-кең пейілді, қиялды жан;

  6. Д-қайратты, қайсарлы, әр нәрсені зейінмен орындайды;

  7. Г-білімге ынталану, әр нәрсені ұқыппеністеу.

Бүгінгі мен ұлтымның болашағым деп аталатын сабақтын соңында айтарым сіздердің әр-біреуіннің есімдеріңіздің өзі сіздің бойыңыздағы қасиетке сай келетін сияқты сондықтан сол адамгершілік қасиетімізді жойып жібермей әрі қарай дамыта біліп бір-бірімізге сыйластықпен қарайып оқушылар.

Сау саламат болыңыздар!

Қосарал негізгі мектебі

мектеп психолог Зейнелбай Розагүл



13. 03. 2014 жыл
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет